top of page

63.3(5Қаз)

К69

 

Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.Т.1.-Алматы: Қазақстан,  2006.-312 б.

  Төрт томдық « Көркемсуретті Қазақстан тарихының» бірінші томындла ежелгі жалпы тарихтың, Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі тас ғасыры, « Андронов мәдениеті», қола ғасырының, байырғы түркі тектес халықтар мен тайпалар: скифтердің, сақтардың, ғұндар мен ежелгі түркілердің мәселелері баяндалады.

Бұл басылымға арналған көркемдік безендірулер мен суреттерді Қазақстанның үздік суретшілері арнайы орындады. Басылымды « Қазақ энциклопедиясының» мамандары әзірлеген.     

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

63.4 (5Қаз)

Д73

        

Древнее золото Казахстана [Мәтін] / Сост. К.Акишев. -   Алма-Ата : Онер, 1983. - 264 с.

 

  Альбомда Қазақстан территориясынан табылған алтын бұйымдар жарияланып отыр. Олардың арасында әлемдік мәні бар ғажайып дүниелер кездеседі. Мәселен, Шілікті қорғанынан табылған бұғы мен қыран бейнесіндегі әшекейлер, Тұздақ шатқалының білезіктері, Бурабай көлі маңынан шыққан зергерлік бұйымдар, Қарағаш күміс әшекейі ертедегі өскелең өнердің көзіндей заттар. Қазір олар Мемлекеттік Эрмитаждың алтын қоймасында сақтаулы. Сол сияқты Есік қорғанындағы «алтын адамның» киімін әшекейлеген ескерткіштер, Қарғалы диадемасы, Ақтасты бейітінен табылған алқалар және Қазақ ССР Ғылым академиясының археология музейі мен Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінде сақтаулы тұрған басқа да заттар- өте зор көркемдік маңызы бар ескерткіштер.   

Альбомға беріліп отырған ескерткіштердің ең көнелері қола дәуіріне жатады. Скиф-Сибирьлік хайуанат, безеніс пен полихром стильдерімен жасалған өнер туындылары барынша толық көрсетілген. Альбом кейінгі замандағы көшпенділердің өнер ескерткіштерімен аяқталады.

Альбомда жарияланып отырған зергерлік өнер ескерткіштерінің  көпшілігін осы альбомда құрастырушы және кіріспе мақаланың авторы, белгілі қазақ археологы, « Сақтар мен Іле бойындағы Үйсіндердің ежелгі мәдениеті», «Ежелгі Отырар», «Есік қорғаны»  деген кітаптардың авторы К.Ақышев ашқан.

63.3(5Қаз)                                                                                                      С18

 

Самашев З.                                                                                                       Қазақстанның жеті кереметі=Семь чудес Казахстана: Оқу құралы / З.Самашев.-Алматы. Таймас, 2006.-200 б.

 

    Кітапта қазақ халқының рухани байлығынан айрықша маңызды орын алған, теңдесі жоқ тамаша, сондай-ақ жұмыр жердің басқа да тұрғындарының тарихы мен мәдениеті үшін мәні зор қазақ жерінің жеті кереметі: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты мешіттері, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, «Астана – Бәйтерек» кешені туралы сөз болады.

Кітап мектеп оқушылары мен студенттерге, жас мамандарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

00:00 / 03:38
bottom of page