top of page
AT.jpg
AT1.jpg
AT1.jpg
AT1.jpg

63.5                                                                                  

 Т65

 

 Төлепбергенов Б.  

 Төрт түліктің төресі: Этнографиялық –танымдық еңбек / Б. Төлепбергенов.-Алматы: Абзал-Ай, 2016. – 216 б.

 

      Бұл кітап, ең алдымен, көпшілік оқырманға арналған танымдық – этнографиялық еңбек. Еңбекте автордың басты көздеген мақсаты – қазақтың кешелі – бүгінді мәдениетіне арқау болған – жылқы жануары және оны жабайылықтан алғаш қолға үйреткен қазақтың ежелгі ата – бабалары дегенді айту. Соған байланысты Ботай заманынан бастталып, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жылқымен тығыз байланысты туған қазақтың өмір – салты, әдет – ғұрпы дәйек ретінде еңбекке негіз болған.

     Сонымен қатар кітапта қазақтың басты (бренд) тамағы жылқы етін асу, жасау, қонаққа ұсыну дәстүрлері бүге – шүгесіне дейін баяндалған. Жылқы түлігін өсірушілерге де айрықша пайдасы тиері анық.

47(5Қаз)                                                                                                     Х47

 

 Хинаят Б.                                                                                                 Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы.- Алматы: Алматыкітап, 2007.-208 б.:сур.

 

       Ғылыми-көпшілік «Саятшылық» кітабы көшпелілерде бағзы заманнан бері ерекше мәнге ие болған аушы құстармен аң ілу және тазымен аң алдыру тақырыбына арналған. Тарихи-этнографиялық бұл еңбекте қыран құстар мен тазы иттердің түр тұқымы, баулу, баптау, аңға салу ғұрпы егжей-тегжейлі баяндалады. Кітап көркем безендірілген, көпшілік қауымға арналған.

AT2.jpg
AT2.jpg
AT2.jpg
AT3.jpg
AT3.jpg
AT3.jpg

63.5(5Қаз)                                                                                               

К30

Кенжеахметұлы С.

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары / С.Кенжеахметұлы.-Алматы: Атамұра, 2013.-384 б.

 

  Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам аты асқақтай түсетінін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп берді.                                                                                                                              

        Саналы ғұмырын осы бай мұраны жинақтауға арнап, оқырманын сан мәрте тартымды кітаптарымен баурап, баурып келген белгілі қаламгер, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінен бұрынғы тарихшы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінен бұрынғы тарихшы, этнограф ғалымдарды зерделей отырып, іргелі еңбек құрастырды, шашырап жатқан мол қазынаны энциклопедиялық жүйеге түсіріп, көптеген терминдердің төңірегінде қосымша мол мағлұмат ұсынды.

       Бұрын көп айтыла қоймаған ырым мен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы, ұлттық қағида, ғұрып, әдеп пен әдет сияқты қазақтың өмірлік үлгі, тәлім-тәрбие ережелерін саралады.

      Өз ұлтын мақтан тұтатын кез-келген зерделі азаматтың кітап сөресінен орын алуға лайық бұл энциклопедиялық басылым белгілі қылқалам шеберлерінің суреттерімен әсем безендірілген.

46.11  

Е64

 

 Ер қанаты /Құраст. Ж. Аупбаев.-Алматы: Қайнар, 1987.-

328 б.

 

        «Ер қанаты – ат» дейді халқымыз. Бұл кітапта ел қастерлейтін, ғасырлар бойы әсем жырға арқау болып келе жатқан жылқы жайында әңгіме болады. Ат баптау, жарату сияқты дәстүрімізден сыр шертіледі.                                                                                                                       Сонымен бірге халқымыздың талантты ұл-қыздары ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған ұлттық өнеріміз бен байлықтарымыздың бір түрі – ер – тұрман мен ат әбзелдерін жасау шеберлігі және жылқы атаулары жайында материалдар да бұл кітаптағы қызыға оқитын дүниелер. Кітап әсем безендірілген. Көпшілік оқырманға арналады.

AT4.jpg
AT4.jpg
AT4.jpg
AT5.jpg
AT5.jpg
AT5.jpg

75.722     

 Б34

      

 Бегімбетова Г.

 Ат спорты : Оқулық / Г. Бегімбетова, Қ.Исхан. - Алматы : Нур-принт, 2013. - 350 б. 

   «Ат спорты» оқулығы аграрлық жоғарғы оқу орнының базалық пәнінің  оқу бағдарламасындағы кредиттік жүйе негізінде құрылған. Сондағы берілген тақырыптар: жылқы туралы түсінік, ат спортына жылқы таңдау, атсайысына пайдаланатын жылқылар, оның зауыттық тренингісі мен ипподромда сынау, атсайыс ойындары, ат туризмі, пони клубы, ципктегі өнер, аңшылық саятшылығы, күтіп-бағу және азықтандыру, малдәрігерлік бақылау, қауыпсыздандыру техникасы. Бұған қосымша жылқының емдік қасиеті, ғасыр жылқысы – « Абсент» және Олимпиада  хроникасы мен терминрдері берілген.  

Оқулық – студенттер мен магистранттарды жылқының ат спорты мен оның сайыс ойын түріне пайдаланудағы теориялық білімі мен біліктілігін көтереді.

Кітап- жылқы шаруашылығы маманына, спорт жылқысын өсіретін шаруашылық пен жекеменшік ат иелеріне, атсайыс өнерін сүйсіне тамашалайтын көрермен көпшілік қауым мен оның жанкүйерлеріне де ұсынылады.

00:00 / 03:38
bottom of page