top of page
1236dade03f71460d81622385678bd66.jpg
1236dade03f71460d81622385678bd66.jpg
1236dade03f71460d81622385678bd66.jpg

63.3(5Каз)                                                                       К19

 Кан Г.В. Ұлы дала тарихы / Г.Кан, Е.  Тогжанов.-Алматы: Қазақпарат, 2016.-330 с

63.3(5Қаз)     

 Ұ46                                                                                                                         

Ұлы даланың қорғаушылары=Хранители великой степи: Фотокітап / Құраст. Б.Аяған.-Алматы: Тау Қайнар, 2016.-312 б.

 Аталмыш фотокітап Қазақ хандығының құрылуының, тәуелсіз мемлекеттіктің тұғырнамалық негізі болып табылатын, Қазақстан аймағында өткен процесстердің қалыптасуының тарихи сипаттамасы есебінде.

file_29.jpg
file_29.jpg
file_29.jpg
105.jpeg
105.jpeg
105.jpeg

63.3(0)4    

С18

Cалғараұлы Қ.

Ұлы Дала/ Қ.Салғараұлы. –Астана: Фолиант, 2013.-520 б.

 

  Көне дүние тарихының білгірі, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлының «Ұлы Дала» атты жаңа кітабы ежелгі және ортағасырлық далалық империялардың тартысты да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен жазылуымен құнды. Туынды терең пайымдаулар мен байыпты да батыл әрі тосын тұжырымдарымен ерекшеленеді. Еуроцентристік бағыттағы көзқарастарды қалыптастырған ғалымдардың еңбектерінің ақ-қарасын саралай келіп, бұрынғы қағидалардың шеңберін бұзып, соны пайымдауларға жол ашады. Зерттеу нысанына айналып отырған тақырыпқа байланысты басқа да ғалымдардың ой-пікірлерін талдап қана қоймай, тарихи түпнұсқа деректерді өзара салыстырып, автордың өзі тың әрі тиянақты дәлелдер келтіреді. Есте жоқ ерте замандағы ата-баба тарихының қалтарыс-бұлтарыс тұстарын сүзе қараған автор еңбегінің тілі жеңіл, көркем.

 Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.
 

63.5         

Ұ46

 

Ұлы дала елі=Страна Великой степи=A country of the Great steppe / Ауд. Т.Данияров.- Алматы: Сардар, 2017. -240 б.

 

  Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем-мәдени мұралар құндылығына дейін жеткізе алған шебер де талантты халық. Кітапта Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер (мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б.) соңғы мәліметтер бойынша берілген.

fullimage1.jpg
fullimage1.jpg
fullimage1.jpg
14.jpeg
14.jpeg
14.jpeg

63.3(5Қаз)    

Ғ60

 

 Ғасырлар даналығы - бабалар мұрасында . - Астана : Деловой мир Астана, 2017. - 308 б.

 

   «Ғасырлар даналығы – бабалар мұрасында» кітап-фотоальбомы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, дипломат, қазақ тарихында өшпес із қалдырған халқымыздың ұлы перзенті – Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналып шығарылып отыр. Түрлі-түсті суреттер және фотолармен безендірілген тұлғалық фотоальбом басылым болып табылады. Төрт тақырыптық бөлімге топтастырылып, 500-ден астам фотосуреттер қамтылған. Қаздауысты Қазыбек бидің ата-тек шежіресі, туған, өскен ортасы, ел басына қаралы күн туған зұлмат кезеңдегі қайраткерлік еңбегі тарихи құжаттар негізінде жүйеленіп, бидің ел мен жердің бірлігі мен тұтастығы, болашағы жолында атқарған ерен еңбегі жайлы мәліметтері енгізілді. Кітап Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға лайықты үлес болып қосылады деген сенімдеміз.

Кітап-альбом көпшілік оқырмандарға арналған.

00:00 / 03:38
bottom of page