top of page
муражай (1).JPG
муражай (2).JPG
муражай (3).JPG

  Алтын адам (б.з.д. V –IV ғ.ғ.) Есік қорғанында Есік өзенінің сол жағасында 1969 жылы табылған. Зерттеушісі Кемел Ақышев.

  Қазақстанның азаттық символына айналған «Алтын адам» Жезқазғанның тарихи – археологиялық музейінде де орын тапты. Орындаушысы музейдің ғылыми қызметкері – Байдильдинов Кешубай Хамитұлы, киім дизайны, суретші - безендіруші – Уткелова Сабира Әбдіқадырқызы.

Ат әбзелдерінің коллекциясы , коллекциядағы құранды ер (XIX ғ.) күміспен, жартылай бағалы тастармен зерленген. Ертоқымдар қайың, емен, жөке сияқты қатты ағаштардан тұтас шабылып, құрастырылып жасалған, терімен қапталады. Тоқым, үзеңгілер, жүген, құйысқан, тартпа, шідері, қамшы, айбас ер т.б.Экспозицияда С. Уәликариев ер –тоқым. (ҚХР тұрғыны Дүкен Қуайызұлы жасаған XIX ғ.)

муражай (4).JPG
муражай (5).JPG

Жезқазған топонимінің қалыптасуы, осы жерде мыс өндіріліп,қорытылғандығын дәлелдейді. «Жез» терминінің өзі  - мыстың ежелден мәдени және экономикалық маңызы болып, Еуропа және Азия елдері арасында үлкен сауда айырбас құралы болғандығын баяндайды.

Экспозицияда Қола дәуірінде ежелгі металургтердің қолданған мыс қорыту пеші, қалпына келтірген  түрі, суретші А. Өтеген жасаған. Одан басқа байыту кенінің үлгілері, мыс қалдықтары, қола заттарының үлгілері қойылған.

00:00 / 03:38
bottom of page