top of page

26.8                                                                       

Қ18

 

Қазақстан=Казахстан: Фотоальбом / Ауд. Е.Ералы, У.Мукаев, В.Рослов.-Алматы: Тау Қайнар, 2017.-308 б.

26.8                                                     

М13

Этнос бесігі. Қазақстанның шежірелі жартастары: Кітап-альбом / О.Мазбаев. –Алматы : Сораба, 2012.-272 б.

        Алтайдан Каспийге дейінгі кеңістікте созылып жатқан киелі қазақ жері өзінің мың жылдық тарихында талай шытырман оқиғаларды басынан өткерді. Ғасырлар бойы ата жұртты мекендеген бабаларымыз арттарында өшпес белгі – таңбалы тас жәдігерін қалдырып кетті. Қазақ елінің рухани байлығы мен мәдениетінің қалыптасуына қоршаған орта – жеріміздің сан қилы, бай табиғаты тікелей өз ықпалын тигізгені даусыз. Сондықтан да Қазақстанның табиғатын, оның қасиетті, тарихи жерлерін, шежірелі таңбалы тас-жартастарын оқырман қауымға таныстыруды жөн көрдік.                   Альбом-кітап-көпшілік оқырман қауымға арналған

94(574)                                                                                                              А90

 

Атамекен: Ақпараттық-танымдық жинақ / Құраст. С.Итегұлова.-Алматы: Palitra-press, 2018.-144 б.

 

  Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескертікіштер, діни және ғибадат орындарына қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады. Жинақты еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

63.3(5Қаз)

Қ18

 

Қазақтанның 70 тарихи орны: Энциклопедия.-Алматы: Керемет медиа, 2017.-224 б.

 

  Бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақтан орын алған атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айрықша маңызға ие болған. Олар небір тарихи оқиғаға, кезеңге байланысты немесе  ерте дәуірлерден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер. Қазіргі Қазақстан ономастикасын қалыптастыруда бұл атауларды көшелерге, нысандарға беру жалпы мемлекеттік, патриоттық сана-сезімді қалыптастыруға оң ықпал етпек.                                                                                                                     

  Жинақ ономастика саласының мамандарына, еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналады.

түркі4.jpg
түркі4.jpg
түркі4.jpg

63.3(5Қаз)                                          

Б17  

 

Байпақов  К.                                                                                                Қазақстанның ежелгі қалалары  / К. Байпақов. - Алматы : Аруна Ltd, 2005. - 316 б.

 

  Бұл кітапта Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалардың толық тізімі берілген. Қалаларды сипаттауда тарихи деректер ғана емес, Ибн Баттута, әл-Макдиси, Сюань-Цзянь, Гильом Рубрук, Плано Карпини, Марко Поло сияқты ортағасырлық саяхатшылардың жолжазбалары, естеліктері, күнделіктері де қолданылды.

Қолдарыңыздағы бұл кітаптан Сіздер қытай, араб, парсы және ежелгі түркі тілдерінде кездесетін, сонымен қатар, археолгиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған "Ұлы Жібек жолы" бойындағы ежелгі қалалар мен оның өмірбаяны, тарихи ескерткіштері туралы сонғы кездерде анықталған құнды мағлұматтар ала аласыздар.

Кітаптағы фотосуреттер автордың жеке қорынан және ӘХ.Марғұлан атындағы Археология институтының мұражайынан алынған.

92(5Қаз)                                                                                                        Т86

 

Түркістан : Халықаралық энциклопедия / Бас.ред.Ә.Нысанбаев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2000. - 656 б.

63.3 5(Қаз)                                                                                                    Ә54

Әлмашұлы  Ж.

Қызыр қонған Түркістан : Тарихи эссе / Ж. Әлмашұлы. -

Алматы : Санат, 1998. - 208 б.

    Бұл кітап Түркістан  топырағында туып өскен автордың көп жылғы ізденісінен туған сол қала туралы тарихи толғанысқа құрылған публицистикалық еңбегі болып табылады. Мұнда көне Түркістан қаласының арғы-бергі тарихы әңгімеленеді, оның өткені тарих безбеніне салынады. Түркістан топырағында туып өскен ірі-ірі ойшылдар, ғалымдар, шайырлар артында қалған мұралары талданып, осы өңірде  дүниеге келген көрнекті мемлекет қайраткерлері де тілге тиек еткен.

63.3(5Қаз)                                                                                                     М91

 

Мырзахметұлы М.

Түркістанда туған ойлар / М. Мырзахметұлы. - Алматы : Санат, 1998. - 368 б.

 

      Белгілі әдебиетші-ғалым, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мырзахметұлы бұл еңбегінде  ежелден  түрік халықтарының алтын бесігі саналған Түркістанның әлем халықтары мәдени, ғылыми, тарихи өміріне жасаған ықпал әсері туралы кең де пайымды әңгіме қозғайды. Шығыс пен Батыс  елдерінің озық мәдени үлгілері  Тұран жеріне  қандай  арналар арқылы таралды т.б. танымдық, философиялық  толғаныстар, жер тарихы, отаршылдық топонимдер, тарихи тұлғалар туралы ой-пікірлері кітап мазмұнына арқау болған.

      Кітап әдебиетшілерге, тарихшыларға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.

63.3(2Қаз)                                                                                                      А88

 

Асқаров Ә.

Алтай. Алтын бесік, ата жұрт : тарихи-танымдық тұрғыдағы саяхат (сафари) жазбалары / Ә. Асқаров. - Астана : Фолиант, 2009. - 296 б.

 

      Түркі жұртының « алтын бесігі, ата жұрты» саналатын Алтайдың ғажайып табиғаты жайындағы Әлібек Асқаровтың сафари жанрындағы жолжазбаларымен оқырман бұрыннан таныс.

     Жазушының бұл кітабы әр жылдары Алтай  тауларын аралаған саяхаттарын, бастан кешкен оқиғаларын әңгімелейді. Кітап мазмұны сапар барысында түсірілген фотосуреттермен қоса қабат өріліп отыратындықтан шығармалардың танымдық әсерін толықтырып, оларды барынша қызықты ете түседі.

     Мұндағы шығармалар – туған жер табиғаты жайындағы автордың жан толғанысы, оқырманын бей-жай қалдырмайтын, өзіне еліктіріп отыратын шын мәніндегі көркем туындылар. Шығармаларда өңірдің өткен тарихы, ел мен жердің бастан кешкен тағдыры жайында мол мәлімет бар.

63.5(5Қаз) 

 С52

 

Смағұлұлы О.

Алтай қазақтары : Тарихи-антропологиялық зерттеу / О. Смағұлұлы, К. Бекетайқызы, А.Оразаққызы. - Астана : Фолиант, 2003. - 352 б.

 

   Кітапта этникалық антропологияның талабына орай қазақтарды алғаш рет өңірлік тұрғыдан, Алтай бойынша кешенді зерттеулер арқылы алынған соматологиялық (антроскопия мен антропометрия), одонтологиялық (тіс құрылысы), дерматоглификалық (қолтаңбасы) анықтамалардың ғылыми талдаулары ұсынылады. Бұл зерттеулердің негізгі нәтижелері кесте, карта, дендрограмма, комбинациялық полигон, график, сурет түрінде жинақталады. Еңбекте өңірлік көлемдегі қазақтар атамекендегі қандастармен жан-жақты салыстырылып, өзара антропологиялық тұтастығы баяндалды. Содан кейін Алтай қазақтары мен кейбір түрік тектес халықтардың антропологиялық ерекшеліктерінің және олардың тіл жүйелеріне бөліну түрлерінің сәйкестіктері туралы салыстырмалы дендрограмма мен графиктер келтірілді. Жалпы, басылымда түрік тектес халықтардың этнотарихи және антропологиялық байланыстарына жаңадан бетбұрыс жасалды.

Кітап антропология саласының мамандарына, тарихшыларға, тілшілерге, аспиранттарға, студенттерге және қазақ тарихын жан-жақты білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

00:00 / 03:38
bottom of page